Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы ведомстволық қарасты мекемелеріне жұмыс сапарымен барды.
Алексей Цой 93 жылдық тарихы бар Орталық клиникалық аурухана базасын аралап, медициналық қызметтің жаңа бағыттарымен танысты. Емхананың жаңа корпусында болып, бөлімшелерді аралады.
Медициналық орталықтың басшысы халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуде бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.