Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕГІН ҚАБЫЛДАЙДЫ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕГІН ҚАБЫЛДАЙДЫ

ҚР ПІБ Медициналық орталығының жыл сайынғы «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында 28 қараша 2 желтоқсан аралығында Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері көшпелі акциясы аясында Шымкент, Мырзакент, Атакент, Асықата, Жетісай қалаларында пациенттерді (18 жастан бастап) тегін қабылдайды.
Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.
Мамандар тобында: кардиохирург Ерлан Денеев, аритмолог Ринат Камиев, ангиохирург Талғат Сәрсембаев, кардиолог Назира Алибаева.
Қабылдау күндері мен мекенжайы:
Шымкент қ. - 28 қараша. Шымкент Жүрек Орталығы 
Мырзакент қ. - 29 қараша. Аудандық орталық аурухана
Атакент қ. - 30 қараша. Аудандық орталық аурухана / аритмолог болмайды
Асықата қ. - 1 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды
Жетісай қ. - 2 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды
Қабылдау уақыты: 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).
Кеңес алуға келген науқастың қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін науқас әкелуі тиіс:
- кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
- аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.
- ангиохирургке: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.
-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін аталған медициналық ұйымдарға хабарласыңыз.

WhatsApp Image 2022-11-21 at 18.43.34.jpeg