Басты бетПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ - САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ЗЕРТХАНАСЫ

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ - САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ЗЕРТХАНАСЫ

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Оқ-Жетпес» «Алматы» ЕСК АҚ филиалы Қазақстанның ең үздік шипажайларының бірі. 
«Almaty resort» емдеу-сауықтыру кешенінің клиникалық-диагностикалық зертханасы заманауи жабдықтармен жабдықталған және жаңа технологияларды енгізу  арқылы патологияларды  дәл деңгейде анықтауға мүмкіндік береді. 
Зертханада жұмыс істейтін тәжірибесі мол жоғары білікті мамандар зерттеу нәтижелерін кешеннің медициналық бөліміндегі арнайы мамандарға тапсырады. Ал олар өз кезегінде жеке емдеу мен емшаралар курсын таңдайды. 
Зертханада зерттеудің жүзге дейінгі түрі орындалады, оның ішінде:
• гематологиялық зерттеулер
• қан мен зәрді биохимиялық зерттеу
• ұйқы безінің эндокриндік қызметін зертханалық бағалау және қант диабетін диагностикалау
• ісік маркерлеріне ИФА әдісімен веноздық қанды зерттеу
• зәр анализі
• D дәрумені анықтамасы
• гликатталған гемоглобинді анықтау және т.б.
Зерттеудің көптеген түрлерін бірнеше сағат ішінде шұғыл түрде жүргізуге де болады. Әрбір зерттеуге зертханалық дәрігердің түсіндірмесі қоса беріледі. Талдау жүргізу үшін арнайы дайындық қажет емес. Бұл сауықтыру демалысымен қатар ағзасына checkup өткізгісі келетін демалушылар үшін өте ыңғайлы функция. 
Уақытында анықталған және дәл қойылған диагноз - ағзаны ерте кезеңінде тез және толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2022-11-24 at 09.08.13.jpeg

WhatsApp Image 2022-11-24 at 09.08.14.jpeg