Басты бетҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КОРПОРАТИВТІК ФОРМАТТА ОҚЫТУ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КОРПОРАТИВТІК ФОРМАТТА ОҚЫТУ

Корпоративтік оқыту – ҚР ПІБ Медициналық орталығы Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) қызметтерінің бірі.
Барлық деңгейдегі ұйымдар үшін үнемі өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайда компанияның тиімді жұмысы үшін ұйымның барлық деңгейлерінде жұмыс тиімділігін арттырмай болмайды. Персоналды оқыту ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің маңызды құралы болып табылады, оның көмегімен басшылық адами ресурстардың әлеуетін арттыруға және ұйым мәдениетінің қалыптасуына әсер етуге мүмкіндік алады.
МТАЖО сіздің ұйымыңыз үшін корпоративтік семинарлар, тренингтер, тимбилдингтер, мастер-кластар өткізе алады. Орталық қызметкерлері тренерлерді іріктеу және кофе-брейк дайындаудан бастап оқыту бағдарламасын құруға, алған білімдерін тестілеуге дейінгі ұйымдастыру кезеңдерін өз мойынына алады.  Сонымен қатар, МТАЖО әр ұйымның сұранысына байланысты аудиторияда тар бағытта мамандандырылған оқытуды да, кез-келген аумақта және табиғатта командалық тимбилдингтерді де өткізе алады.  
Оқыту әртүрлі мамандандырылған салаларда жүргізілуі мүмкін.
Мысалы, IT саласында Орталық киберқауіпсіздік, бұлтты технологияларды қолдануға, жүйелік талдауға және т.б. үйретеді. Денсаулық сақтау саласында МТАЖО медициналық этика мен деонтологияны, медициналық ұйымдардағы ішкі коммуникацияларды, электрондық денсаулық сақтау құралдарын, менеджментті және т.б. оқытуды ұсынады. «Жеке тиімділік пен көшбасшылықты дамыту» бағыты бойынша Орталық сөйлеу өнері, іскерлік келіссөздер, эмоционалды интеллектті дамытуға, стресс пен жанжалды басқаруға және т.б. оқытуды ұсынады.
Бұл тек МТАЖО-ның он түрлі бағыттағы қол жетімді курстар мен тренингтерінің бірнеше мысалдары.
✅Толығырақ ақпарат бойынша: 
Сайт: cmtis.kz
Телефон: +7 (7172) 27-33-81

WhatsApp Image 2022-12-02 at 08.54.58.jpeg