ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирургиясы 6 жыл бойы үздіксіз қызмет етіп келеді. Жақында бөлімшенің төсек қоры ұлғайып, тұтас дербес үлкен блокты қамтитын болды.
Бөлімшені ұлғайту ми ісіктері, аневризмалар мен мальформациялар, ұйқы артериясының тарылуы мен бітелуі, Паркинсон ауруы, тремор, дистония, эпилепсия, диск жарығы, жүйке жарақаты, жұлын ісіктері, мойя-мойя ауруы, үштармақты нерв невралгиясы, киари мальформация, гидроцефалия, кавернома, гемифасциалды спазм сияқты аурулар бойынша нейрохирургияны қажет ететін көптеген пациенттерге көмектесуге мүмкіндік береді.
Аурухананың нейрохирургиялық командасы жоғары білікті дәрігерлерден құралған, бейін ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда хирургия алдындағы диагностика, нейрохирургиялық операция, операциядан кейінгі дербестендірілген бағдарлама және нейрореабилитация сияқты барлық кезеңдерде дербес тәсіл қолданылады.
Нейрохирургиялық бөлімшеде жоспарлы және шұғыл операцияларды қоса алғанда жылына 500-ден астам операция жасалады. Емдеу көмекті қажет ететін барлық азаматтарға квота есебінен және ақылы негізде қолжетімді. Клиника менеджменті көрсетілетін көмек пен сервистің жоғары деңгейінің сақталуына бар күшін салатын болады.
Әріптестерімізді бөлімшенің ұлғаюымен құттықтай отырып, пациенттеріміздің игілігі үшін жұмыста жаңа биіктер, денсаулық пен табандылық тілейміз!