Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ҚОЛҚАНЫ ПРОТЕЗДЕУ ҮШІН СИРЕК ОПЕРАЦИ...

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ҚОЛҚАНЫ ПРОТЕЗДЕУ ҮШІН СИРЕК ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасының кардиологтары сирек кездесетін операция жасады, олар өзара оны «біреуіндегі екеу» деп атады.  Қолқаны тәждік шунттау кезінде  адам ағзасының ең ірі артериясы – қолқаны шұғыл протездеуді жүзеге асыруға тура келді. 
70 жастағы пациент ауруханаға шунттауға байланысты жоспарлы операцияға жатқызылған, бірақ операция кезінде оның тамырларында өзгеріс пайда болып, манипуляция жасаған кезде қолқа сетіней бастады. Дәрігерлер протездеуге дереу шешім қабылдады. Арнайы жүйеге салынған тамыр протезін дәрігерлер зақымдалған жерге дейін жеткізіп, дәл аневризма қуысына таратып салды. 
Мұндай операцияларды Орталық клиникалық ауруханада жылына 2-3 рет жасайды. 
Қазір  пациенттің жағдайы қалыпты, алдағы уақытта әрі қарай оңалтуға және емделуге үйге шығарылады.

WhatsApp Image 2022-12-06 at 09.39.04.jpeg