ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Оқ-Жетпес» ЕСК АҚ Бурабай курорттық аймағының қақ ортасында, Көкшетау тауының етегінде орналасқан бірегей кешен. Бұл мекенде ағзаны емдеуге арналған барлық мүмкіндік қарастырылған, жалпы иммунитетті нығайту өте тиімді.
Жыл сайын емдеу-сауықтыру кешенінде 10 мыңнан астам қонақ емделеді. Ағымдағы жылдың 11 айында 8 мыңнан астам қонақ сауықтыру шараларынан өтті. Оның ішінде кешеннің 4392 пациенті оңалтудан өтті.
ЕСК емдеу корпусында физиотерапиялық кабинеттер, сумен емдеу және емдік душтар бөлмесі, балшық емдеу бөлмесі, урологиялық, стоматологиялық, массаж және емдеу кабинеттері, ішекті мониторингпен тазарту кабинеті, ингаляция, фитобар, зертханалық-диагностикалық бөлімше, косметологиялық кабинет, дәріхана бар. Емдеу корпусы терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін аспаптық базамен жабдықталған. Бақылаудың маңызды әдістеріне ультрадыбыстық, функционалды, электрокардиографиялық, зертханалық диагностика, ЭКГ және СМАД Холтер мониторингі жатады.
Медициналық көмек көрсетудің жоғары сапасы «Оқ-Жетпес ЕСК-де басты мақсаттардың бірі. Пациенттерді емдеуде әр емделушіге жеке тәсіл қолданылады және қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, процедураларды жеке тағайындайды.
Дәрігер қарағаннан кейін пациентке тағайындалған рәсімдер тізбесі және олардың өту уақыты көрсетілген медициналық оңалту бағдарламасының маршруттық парағы беріледі.
✅ Қосымша ақпаратты кешеннің ресми сайтынан ала аласыз: https://okzhetpes-burabay.kz/