ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» «Алматы» ЕСК АҚ
филиалы Қазақстандағы мықты шипажайлардың бірі. Әр бейсенбі сайын кешеннің білікті дәрігерлері жапондық әйгілі «Omron» корпорациясының өкілдерімен бірге емделушілер үшін денсаулық мектебін өткізеді.
Мамандар демалушыларға қан қысымын дұрыс өлшеуді, қандағы қант мөлшерін анықтауды, небулайзерді, арнайы таразыны, миостимуляторды, қадам санаушыны және тағы басқа медициналық электронды құралды қалай сауатты қолдануды үйретеді.
Қазір бұл электронды құрылғылар өмірімізге дендеп енді және соның арқасында біз денсаулығымыздағы өзгерістерді дер кезінде қадағалап, өміріміздің сапасын жақсартуға пайдаланып жүрміз.
Мұндай құнды дағдыны бейсенбі күндері «Almaty resort» емдеу сауықтыру кешенінің медициналық корпусының холынан үйренуге болады.