Басты бетПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫ...

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН «ЕСЕНТУКИ 17» МИНЕРАЛДЫ СУЫ ҮЗДІК 5 МИНЕРАЛДЫ СУЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Үміткерлер тізіміне Ресей, Германия, Грузияның сілтілі сулары кірді. «Ессентуки №17» минералды суының артықшылығы ретінде сарапшылар оның тұзды дәмін, табиғи газдандырылуын, минералдардың көп мөлшерін және емдік қасиеттерін атап өтті. «Ессентуки №17» кен орны - бірегей және Ресей Федерациясының Кавказ минералды сулары аймағындағы Ессентуки курорттық қаласында орналасқан.

«Ессентуки №17» бір жарым шақырым тереңдіктен өндіріледі. Ессентуки қаласының курорттық саябағында ауызсу галереясы жұмыс істейді, онда барлық ниет білдірушілерге тікелей көзден келетін «Ессентуки № 17» суы жіберіледі. Су қант диабеті мен семіздікті, асқазан-ішек жолдары мен бүйрек ауруларын емдеуде қолданылады.

«Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешені Ессентуки қаласының курорттық аймағында, «Ессентуки №17» көзінің ауызсу галереясынан бір қадам қашықтықта орналасқан.  40 жылдан астам уақыт бойы  шипажайда табиғи бальнеологиялық факторларды қолдана отырып, асқазан-ішек жолдары мен зат алмасу ауруларын сәтті емдеп келеді.

WhatsApp Image 2022-12-09 at 08.55.03.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-09 at 08.55.04.jpeg