Басты бетПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНДА ПАЦИЕНТТІҢ ЖҮРУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛ...

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНДА ПАЦИЕНТТІҢ ЖҮРУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН LOKOMAT РОБОТТАЛҒАН ОҢАЛТУ КЕШЕНІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жаңа емдік-диагностикалық корпусының оңалту секторында кеңейтілген кері байланыспен жүру дағдыларын қалпына келтіруге арналған «Lokomat Pro» роботталған кешені орнатылған. Оның атқаратын негізгі қызметі – неврологиялық аурулары бар және қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған пациенттердің күнделікті қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. 
Қимыл-қозғалыс функциясы бұзылған жағдайларда, яғни бассүйек-ми жарақаттары, жұлын жарақаттары, неврологиялық, бұлшықет немесе сүйек патологиялары салдарында LokomatPro терапиясын қолдану пациенттердің қимыл-қозғалысын жақсартады. 
Роботталған кинезиотерапия өздігінен жүру дағдыларын қалпына келтірудің және дамытудың ең перспективалы әдісі болып саналады. Ол басқа оңалту әдістерімен бірге қолданылады. Курстан өту мерзімі 10 күн, бір жаттығу 30 минуттан 45 минутқа дейін созылады.
Процесс барысында қозғалыс мүмкіндіктеріне сәйкес әр пациенттің жеке параметрлері енгізіледі. Пациентке кигізілетін датчиктер арқылы оның көшірме бейнесі, қозғалысы туралы ақпарат алдындағы экранға шығарылады. Ал пациент экрандағы биологиялық кері байланыс деректерін бақылау арқылы, өз қимыл-қозғалысын қадағалай алады. Жаттығу кезінде алынған мәліметтер пациенттің оңалту барысын бағалау үшін сақталады.

WhatsApp Image 2022-12-12 at 08.48.33.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-12 at 08.48.38.jpeg