2022 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Басшысы Алексей Цой ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру орталығының ұжымына жаңа Президент – Яков Стерлиговты таныстырды.
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Журналистика» мамандығы бойынша «журналист-халықаралық саясат білгірі» мамандығы бойынша аяқтады. 2010 жылы «Фемида» Қарағанды заңгерлік академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, құқықтану бакалавры біліктілігін иеленді.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында ақпараттық-талдау орталығының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бөлімінде сарапшы болып бастады, Щучинск ауданының әкімі аппаратында инспектор, «Бурабай аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-де бас маман болып жұмыс істеді.
Әр жылдары «Бурабай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бастығы, ««Мастер СК» ЖШС-нің директоры, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның Басқарушы директоры, Бурабай кентіндегі «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ «Алматы» филиалының директоры қызметтерін атқарды.
Жұмыс істеген кезеңінде аудан, облыс басшылығы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығының мақтау грамоталарымен, мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық медалімен марапатталды.
Екі рет облыстық «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсының жеңімпазы атанып, қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысады, ұйымның бас тәлімгері.
2018ж. «Сервис стандарттары», 2018ж. «Кайдзен: ұқыпты өндіріс», 2019ж. «ҚР СТ ISO 9001-2016, ҚР СТ ISO 14001-2016, ISO 45001:2018, ГОСТ ISO 19011-2013" менеджмент жүйесінің ішкі аудиті бойынша мамандарды даярлау», 2019ж. «Бурабай курорттық аймағын дамыту аясында», 2019ж. «Эмоциялық интеллект», «Жаттықтырушыларға арналған тренинг» тақырыптары бойынша оқудан өтіп бірқатар сертификаттарға ие және қызмет көрсету мен тәлімгерлік жұмыс бойынша бірқатар сертификаттары бар.