Басты бетЖАПОНИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ МЕДАТТАШЕСІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА КЕЛДІ

ЖАПОНИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ МЕДАТТАШЕСІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА КЕЛДІ

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасына Жапония елшілігінің медициналық атташесі Соко Нисизава келді. Мұндай лауазымдар негізінен дамыған елдердің жекелеген елшіліктерінде бар. Соко Нисизава әулетінен келе жатқан дәрігер, бұрын тәжірибемен айналысқан отбасылық дәрігер, Жапонияда өз клиникасы бар, қазір елшіліктің қызметкерлері мен Қазақстанда жұмыс істейтін өз елінің азаматтарына медициналық кеңес берумен айналысады. Ол болашақта Алматыға іскерлік сапармен келген жапондықтар медициналық қызмет ала алатындай етіп ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасына келді.

- Мен осы көне аурухана мен оның дәрігерлері туралы көп естідім, бәрін өз көзіммен көріп, әрі қарай ынтымақтастықта болғым келді, - деп атап өтті медатташе.
Оған бірнеше бөлімшелер көрсетіліп, қызметкерлермен таныстырылды, қонақ күндізгі стационарға тәнті болды.

Өз кезегінде ҚР ПІБ МО ОКА президенті Асхат Бралов жапон дәрігеріне ұзақ өмір сүру тақырыбында дәрістер өткізуді ұсынды. Аурухана геронтология орталығын ашуды жоспарлап отыр, бұл салада үлкен тәжірибе және ұзақ өмір сүретін ел мамандарының ұсыныстары өте пайдалы болар еді. Соко Нисизава жапондықтардың ұзақ өмір сүруі, ең алдымен, өмір сапасы мен дұрыс тамақтанудың нәтижесі екенін айтты.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауруханада 500-ден астам шетелдік емделді, оның 350-і медтуристер Орталық клиникалық ауруханасына сапалы медициналық көмек алу үшін арнайы  келген.

WhatsApp Image 2022-12-13 at 08.51.12.jpeg