Басты бетПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА СИРЕК ОПЕРАЦИЯЛА...

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА СИРЕК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛЫП, БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ОНЛАЙН ТРАНСЛЯЦИЯЛАНУДА

Әлемнің 15 елінен келген жетекші нейрохирургтар қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп күрделі операцияларды Орталық клиникалық аурухана базасында онлайн режимде жүргізуде. 

16 желтоқсанда Алматы қаласында «Үшінші NEUROADDICTS курсы», эндоваскулярлық стратегиямен қатар анастомоздарды емдеу бойынша микрохирургиялық шеберлік-сынып және «Жетінші халықаралық пікірталас нейрокурсы: неврологиялық сессия» ашылды. 

WhatsApp Image 2022-12-17 at 12.03.13.jpeg

Отандық медицина үшін бұл бұрын-соңды болмаған оқиға, өйткені нейрохирургия майталмандары кездесіп, олардың күрделі саласының проблемаларын бірлесіп талқылап қана қоймай, сонымен қатар онлайн режимде ірі әлемдік клиникаларға трансляцияланатын операциялар жүргізуде. 

Курстардың ұйымдастырушылары - ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы, «Қазнейро тамырлы және интервенциялық нейрохирургия және неврология қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Neuroaddicts» қоғамы және аз инвазивті неврологиялық емдеудің Еуропалық қоғамы.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Басшысы Алексей Цой, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов және ОКА АҚ президенті Асхат Бралов ашты.
WhatsApp Image 2022-12-17 at 12.03.13 (1).jpeg

АҚШ, Франция, Германия, Испания, Португалия және басқа да көптеген елдердің мамандары ми аневризмаларын, артериовеналық мальформация мен инсультті ұйымдастыру, диагностикалау және заманауи нейрохирургиялық емдеу мәселелерін талқылауда.  

WhatsApp Image 2022-12-17 at 12.03.12.jpeg

Бұл маңызды оқиғаның Орталық клиникалық ауруханада өтуі кездейсоқ емес, дәл осы ауруханада жылына 1000-нан астам операция жасайтын мықты нейрохирургиялық қызмет құрылды. 

- Біз үш тармақты жүйкені емдеуде көшбасшымыз, жылына осындай 100-ден астам операция жасаймыз. Сонымен қатар бұл ми қан тамырлары мен инсульт проблемаларын емдеу бойынша референтті орталық болып табылады. Сондықтан біздің шетелдік әріптестеріміз дәстүрлі түрде Орталық клиникалық  ауруханада кездесуде, бірақ біз алғаш рет жаппай кездесіп отырмыз, - деді Орталық клиникалық аурухананың Нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіходжаев.

WhatsApp Image 2022-12-17 at 12.03.14.jpeg