2022 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Басшысы Алексей Цой ҚР ПІБ Медициналық орталығы Санитарлық-эпидемиологиялық орталығының ұжымына директордың орынбасары – директордың міндетін атқарушысын Сәуле Шәріпованы таныстырды.
Сәуле Шәріпова – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша аяқтаған, «Тұран» университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша магистрі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіннің «DBA - Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру», Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғарғы біліктілік санатына ие.
Еңбек жолын 1999 ж. Павлодар қаласындағы әуежайдың карантиндік-санитарлық пунктінде дәрігер-эпидемиолог болып бастаған.
Әр жылдары Павлодар қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісі, Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Павлодар облысы бойынша ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары, Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық-орталығының бас директоры орынбасары, ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» филиалы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарып келді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, Мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен мараптатталған.
Сәуле Шәріпованың ұйымдастырушылық қабілеті зор. Ол еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласының белсенді жанашырларының бірі.