Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЛЕКСЕЙ ЦОЙ ЖӘНЕ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙ...

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЛЕКСЕЙ ЦОЙ ЖӘНЕ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ НАТАЛЬЯ ЖҰМАДІЛДАЕВА «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Бүгінгі сапар барысында «Қарлығаш»  балабақшасының директоры Бейбітгүл Казақпаева мекеменің қызметімен таныстырып, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Балабақшаның негізгі ресурстарының бірі – жоғарыбілікті қызметкерлер.
 
Мұғалімдердің 80% - дан астамы санаттарға ие, бұл білім беру процесінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тілдік ортаға бойлау әдісі, интеллектуалды дамудың мультимедиялық технологиясы, Воскобовичтің дамыту ойындары, М.Монтессори әдістемесінің элементтері, робототехника негіздері және басқа да инновациялық әдістер оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

WhatsApp Image 2022-12-23 at 17.27.38.jpeg

«Қарлығаш» балабақшаларында интерактивті коммуникативтік технологияларды – «сөйлейтін» қабырғаларды, балалар белсенділігі орталықтарын, робототехника зертханаларын, аква және гидропоникалық қондырғыларды қолдана отырып оқыту ортасы ұйымдастырылған.Сапар барысында мекеме басшысы аква/био кванториум, автоквантум, «Этно орталық» экспозициясы, сенсорлық кабинет, Smart-бөлме және «Green-студия» жұмыстарымен таныстырды.

Балабақшада жасалған жағдайлар және балалардың денсаулығындағы ауытқуларды ерте кезеңде анықтайтын Check-up кабинетінің жұмысы Наталья Жұмаділдаеваның қызығушылығын тудырды. Ол сондай-ақ, балабақшаныелдегі мектепке дейінгі инновациялықмекеме ретінде жоғары бағалады.

WhatsApp Image 2022-12-23 at 17.27.38 (1).jpeg

Сапар соңында пікір алмасу болып, балабақшаның пилоттық жобалары талқыланды. Сондай-ақ, «Қарлығаш» балабақшасының заманауи қызметтерді көрсететін республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігі атап өтілді.