Ортопедиялық патологиялар арасында аяқтың вальгустық деформациясы (нақтырақ айтсақ бірінші саусақтың) бірінші орын алады.
Әдетте науқастарда:
- үлкен саусақтың ішке қарай қисаюы, бірте-бірте «сүйектің» үлкеюі;
- аяқтың қалған саусақтарының балға тәрізді деформациясы;
- табан буындарының ауыруы;
- аяқтың тез шарашауы;
- аяқ-киім таңдаудың қиындығы байқалады.
Саусақтың патологиялық ауытқуы анықталғаннан кейін дәрігер (әдетте ортопед немесе травматолог) рентгенография, КТ\МРТ, невропатологтың консультациясын тағайындайды (жүйке процесіне тарту кезінде).
Табанның деформациясы сияқты патологияны жедел түрде бірнеше жолмен емдейді:
- ерте кезеңде аз инвазивті хирургиялық араласумен (сіңірлерді кесу және тігу) түзетуге болады.
Сонымен бірге бір уақытта сүйектің экзостозын («түйіндер») алып тастауға болады:
- аса ауырлау сатыда аяқ басы сүйегінің сына тәрізді остеотомиясы жүргізілетін операциялар қолданылады, одан кейін өсін қалпына келтіру үшін оларды металл конструкциялармен («бұраншеге» немесе «біз») бекітеді;
- аса күрделі жағдайларда табанның сына тәрізді сүйегінің остеотомиясын жүргізеді, операция бір уақытта екі табанға жүргізіледі.
Оңалту мерзімі сүйек деформациясының деңгейіне, пациенттің жасына және операциядан кейін табан сүйектерінің бітіп кету уақытына байланысты. Орташа есеппен 1,5 айдан 2,5 айға жуық мерзімде.
✅ Анықтама телефоны: +7 727 272 60 00.