Жұмыс пен өміріңізді тиімдірек етуге көмектесетін тәсілдермен таныстыруды жалғастырамыз.
Бұл жолы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының лекторларының бірі – бизнес-тренер, қайдзен-сарапшы Жандос Амангелдиевтің кеңестерін ұсынамыз.
Тайм-менеджмент бойынша оқытуда ол өз уақытын сауатты қолдануға мүмкіндік беретін келесі қағидаларды келтіреді:
• Уақытты тиімді пайдалану маңызды. Адамдар тәуліктегі сағат санын көбейте алмайды, бірақ маңызды тапсырмаларға назар аудара отырып, уақытты тиімді қайта бөле алады.
• Мақсаттар жазбаша түрде жазылуы керек. Егер ол жазылмаған болса, онда мақсат айқындалмаған.
• Егер Сіз күнді неғұрлым нәтижелі өткізгіңіз келсе, оны алдын-ала жоспарлауыңыз керек. Алдын ала жасалған тапсырмалар тізімі кез келген қызмет түрінің тиімділігін 25 %-ға арттырады.
• Үлкен тапсырмаларды кішірек тапсырмаларға бөліңіз. Көп уақытты қажет ететін істер кішігірім ішкі тапсырмаларға бөлінуі керек.
• Істердегі басымдықтарды анықтаңыз. «А» тобының шұғыл істері уақыттың 15 % және нәтижелердің 65 % құрайды. «В» тобының шұғыл емес істері уақыттың шамамен 20 % - алады, нәтижені де сол мөлшерде береді. «С» тобының кішігірім істері ресурстардың 65 % - «жейді» және нәтиженің шамамен 15 % - құрайды.
• Уақытты ұрлаушылар: бұлыңғыр мақсаттар, «жоқ» деп айта алмау, демалмай жұмыс істеу, стресс және дағдарыс жағдайлары.
Бұл жаттықтырушының бірнеше кеңестері ғана, ал уақытты басқару өнерімен Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) ұйымдастыратын семинарда толығырақ танысуға болады.
✅ Байланыс үшін:
Сайт: cmtis.kz
Телефон: +7 (7172) 27-33-80