1997 жылғы 29 желтоқсанда елорданың көшірілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы ашылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы көпсалалы аурухана болып табылады, онда Қазақстанның түкпір-түкпірі мен шетелден келген пациенттер толық тексеруден өтіп, қажетті ем ала алады. Сондай-ақ, аурухана өз тәжірибесі мен білімін Қазақстанда ғана емес, шетелдік әріптестеріне тарататын ғылыми орталық ретінде әрекет етеді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ұжымын аурухананың құрылған күнімен құттықтаймыз және өркендеу, тұрақтылық, аурухана мен пациенттеріміздің игілігі жолындағы ортақ мүддеде күш пен табандылық тілейміз!