Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚТОБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚТОБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚТОБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

Медициналық орталықты дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру, ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық технологияларды енгізу, Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек көрсету үшін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханаларының әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өңірлерде «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының күндері» форматында іс-шаралар жоспарланған.

Медициналық орталықтың бастамасы шеңберінде 2023 жылғы 17-20 қаңтар аралығында делегацияның Ақтөбе облысына сапары жоспарланған.
Медициналық орталық делегациясының құрамында өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сыныптары мен күрделі жедел араласулар өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсету үшін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары (нейрохирургтер, генетиктер, кардиохирургтер, аритмологтар, онкохирургтер және т.б.) бар.

Шара аясында Медициналық орталық пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланған.

Медициналық орталықтың бұл бастамасы технологиялар трансфертін іске асыруға, өңірдегі дәрігерлерді оқытуға, сондай-ақ өңірлердегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартып, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы форматтағы іс-шаралар тізбегін 2023 жылы Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткізу жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін: 7 717 2 74 97 00, 705 998 2098