Басты бетАЛЕКСЕЙ ЦОЙ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының делегациясын ПІБ Медициналық орталығы Басшысы Алексей Цой бастап жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді.

17 қаңтардан бері өңірде ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы қызметкерлерінің делегациясы болуда. Еліміздің үздік дәрігерлері халыққа практикалық және консультативтік-әдістемелік көмек көрсету, шеберлік кластар және күрделі жоғары технологиялық операциялар жүргізу мақсатында өңірге алғаш рет келуде.

Бұл жұмыс ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауына жаңа медициналық технологияларды енгізу, халыққа көмек көрсету үшін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханаларының әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жүргізілуде.

Алексей Цой репродуктивті денсаулық проблемалары, жүктілік және босану асқынулары кезінде қызмет көрсететін бірегей медициналық кешен болып табылатын облыстық перинаталдық орталықтың мүмкіндіктерімен танысты.

WhatsApp Image 2023-01-19 at 18.36.30.jpeg

Орталық еуропалық стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтармен, оның ішінде аса шала туылған нәрестелерді күтуге және күрделілігі жоғары хирургиялық араласулар жасауға арналған арнайы реанимациялық жүйелермен жабдықталған.

Ай сайын орталық дәрігерлері 650-700 босануды қабылдайды, ең ауыр асқынулары бар әйелдерге салмағы 500 грамнан басталатын шала туылған нәрестелерді күту бойынша көмек көрсетіледі.
WhatsApp Image 2023-01-19 at 18.36.17.jpeg
Алексей Цой ОПО-ның, оның ішінде перзентхана мен операциялық блоктың, сәулелік диагностика, балалар реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуын жоғары бағалады.

Ерте араласу орталығы ОПО-да да тиімді жұмыс істейді. Онда 0-ден 3 жасқа дейінгі балалар оңалту көмегін алады.