Басты бетПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ АҚТӨБЕДЕ 30 КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ АҚТӨБЕДЕ 30 КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ АҚТӨБЕДЕ 30 КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында Ақтөбе облысының тұрғындарына еліміздің үздік дәрігерлері практикалық және консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуде, сондай-ақ күрделі жоғары технологиялық операциялар жүргізіледі.

Бұл жұмыс ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауына жаңа медициналық технологияларды енгізу, халыққа көмек көрсету үшін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханаларының әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жүргізілуде.

Өткен үш күн ішінде республикалық деңгейдегі жетекші мамандар өңірдің медицина қызметкерлері үшін шеберлік сыныптарын өткізді, 30 күрделі операция жасады, Ақтөбе медициналық орталығының базасында 150-ден астам пациентті қарап-тексерді.

326353238_1901656063526935_6620558670267162073_n.jpg

Бүгін АМО қызметімен Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой танысты.
Алексей Цой медициналық орталықтың бөлімшелерін аралап, операция жасалған пациенттердің жағдайын білді.

Ақтөбе медициналық орталығы 25 бейін бойынша ересек халыққа көмек көрсететін өңірдегі ең ірі көп бейінді стационар, бұл ретте 12 бейін бойынша көрсетілетін қызметтердің облыстың басқа емдеу мекемелерінде баламасы жоқ. Орталық балалар кардиохирургиясы, аритмология, тамырлы хирургия, трансплантология бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. 

326273349_5761846460574085_2228950152561761045_n.jpg

Сонымен қатар, мамандандырылған орталықтар – ересектерге арналған гастроэндоскопиялық және аллергоцентр жұмыс істейді. Өткен жылы АМО-да 20 мыңға жуық пациент емделді.