Қаңтардың 16-20 күндері «Клиникадағы клиника» жобасы аясында Санкт-Петербург қаласының жоғары санаттағы хирургы Антон Пришвин ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасында шеберлік сағатын өткізді.
Ресей эндоскопиялық хирургия қауымдастығының мүшесі А. Пришвин іс-сапар аясында 6 операцияға қатысып, 5 консультациялық қызмет көрсетті. Операция барысында, дәрігер, операцияларды жүргізудегі заманауи техникаларымен, бариатриялық операцияларды жүргізу кезінде анастомозды қолданудың жаңа әдісімен бөлісіп, асқазан-ішек жолдарының жабылу ерекшеліктеріне тоқталды.
Дәрігердің айтуынша, аталмыш шараның өзара тәжірибе алмасудағы маңызы зор. Себебі, өзгені үйрету арқылы, өзіңнің де үйренерің мол. Осы орайда, «Мен өзімнің шеберлік сағатымды әріптестерімді өз жетістіктеріммен таныстыру мүмкіндігі ретінде емес, керісінше, мол тәжірибесі бар мамандармен ақпарат алмасу мүмкіндігі ретінде бағалаймын» - деп, пікірін білдірді А. Пришвин.
Шара соңында жүргізілген операциялардың тактикасы, қателіктерді болдырмау жолдары кеңінен талқыланып, пікір-алмасты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда А. Пришвин «РЖД - Медицина» ауруханасында хирургиялық көмек бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сондай-ақ, Санкт Петербург мемлекеттік университетінің хирургия факультетінің доценті қызметін атқарады.