
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Medicover компаниясының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету мен ғылыми орталығында ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаевтың қатысуымен нейроинтервенция бойынша мастер-класс өткізілді.
Мастер-классқа Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету мен ғылыми орталығының нейрохирургтары мен рентгенендоваскулярлық хирургтарын қосқанда 12 дәрігер қатысып, келесі операциялар жүргізілді:
- 5 жасар баланың миының субарахноидты кеңістігінде екі рет қан кетіп, нейро спиральдар қапшық аневризмасына орнатылды;
- 62 жастағы ұстамасы бар пациентке церебральды ангиография жасалды, нәтижесінде мидың үлкен артериовенозды ақауы расталып, AVM ішінара эмболизацияланды;
- 50 жастағы пациентке артерия спазмы бар қапшық аневризмасы, ми ішілік гематомасы бар аневризманың эндоваскулярлық эмболизациясы сәтті өтті;
- 33 жастағы ми ісігі бар ер адамға церебральды ангиография жасалды және ісік тамырлары нақтыланды.
Medicover компаниясы және РҒЭҚХҒО басшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына және беделді нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевқа кәсіби көмектері үшін зор алғысын білдірді.
Medicover компаниясының басшылығы ҚР ПІБ Медициналық жүйесі орталығымен әріптестікті әрі де жалғастыру үшін екі жақты меморандумға тұруды ұсынды.