«Хромакей» студиясы өткен жылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мультфильмдер жасауда өнертабыс дағдыларын қалыптастыру, танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында өз жұмысын бастады.
Студияның жұмыс принципі өте қарапайым. Хромакей кадрда қажетті фон жасауға мүмкіндік береді. Әрбір бейне жеке түсіріледі, содан кейін біріктіріледі. Нәтижесінде толыққанды композиция пайда болады. «Хромакей» студиясының көмегімен балабақшада мультфильмдер түсіріліп, анимациялар, ертегілер, іс-шараларға арналған көріністер жасалалынады.
«Хромакей» студиясында негізінен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері айналысады. Шығармашылық процеске балалармен бірге әдіскерлер, музыкант, тәрбиешілер, тіпті хореограф та қатысады. Мұнда балалар өздерін нағыз актер ретінде сезінеді, олар процеске үлкен қызығушылықпен қатысып, қимыл, сөз және мимика арқылы өз сезімдерін білдіруді үйренеді, дағдыларын шыңдайды және шығармашылық қабілеттерін ашады.