ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Оқ-Жетпес»емдеу-сауықтыру кешені республиканың барлық азаматтары үшін медициналық және емдеу-сауықтыру қызметтерін ұсынады және қамтамасыз етеді.
«Qazaq nomad resort»жобасын іске асыру мақсатында (қазақ тарихын, дәстүрлері мен мәдениетін ескере отырып, ұлттық нақышты дәріптеу) қазақ ұлттық тағамдары бойынша жаңа мәзір әзірленді.
Енді емдеу-сауықтыру кешенінің өзіндік дәстүрі мен жаңа мәзірі бар, оған мына ұлттық тағамдар кіреді: кұймақ, құрткөже, ірімшік, жайманан, құйрық-бауыр, мипалау, шұжық, қуырдақ, қазы-қарта, жал-жая, сірне, тоңба, жент, көктал.
Қазақи нақыштағы бұл тұжырымдама емдеу-сауықтыру курорттарын дамыту саласындағы ұлттық саясатты одан әрі дамыту және іске асыру жолымен курорттық емдеудің қолжетімділігін арттыруға, ұлттық және халықаралық деңгейлерде сауықтыру туризмінің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолына бағытталған.