ҚР ПІБ Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасының зертханасында кезекті жаңа зерттеу енгізілді. Зерттеу сирек кездесетін диагнозды ғана емес, сонымен бірге COVID-19-вакцининдукцияланған иммундық тромботикалық тромбоцитопенияны да анықтауға мүмкіндік беретін гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияға қарсы денені анықтайды.
ГИТ – бұл маңызды иммундық ауру, ол гепаринді қолданғаннан кейін туындайды, оны тромбоздардың алдын алу және емдеу ретінде клиникалық практикада қолданады. Ол қанда тромбоциттер санының азаюымен, өлімге әкелетін әр түрлі тромботикалық асқынулардың өршуімен сипатталады.
Қазіргі таңда Орталық клиникалық ауруханада гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияға қарсы денені анықтауға 15 зерттеу жүргізілді.
Бұлардан басқа, ОКА зертханасында онкомаркерлер, қалқанша без гормондары, әйелдер мен ерлер үшін өсіп-өну гормондары, иммундық мәртебеге талдау және басқалар сияқты бес жүзден аса зерттеулер жүргізіледі.