ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы 2022 жылғы 14-15 қараша күндері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасарларына арналған «Тиімді ойлау техникасы» тақырыбында семинар өткізді.
Дәріскер ретінде бизнес-тренер, PMI (Жобалады басқару институтының) мүшесі, CISSA (ТМД спикерлері қауымдастығының) мүшесі, ICF (Халықаралық коучинг федерациясының) сертификатталған жаттықтырушысы, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының топ-менеджері лауазымындағы жұмыс тәжірибесі бар, республикалық масштабтағы жобалардың басшысы ретінде 20 жылдық тәжірибесі бар – Қалдыбаев Тимур Нұрланұлы шақырылды.
Семинар бағдарламасы іс-шараларды жоспарлау, үлкен көлемдегі ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу, оқыту, дамыту және жобаларды басқару үшін ақыл-ой карталарын құрастыру және қолдану дағдыларын алуға бағытталған.