Басқарма басшысы-бас санитариялық дәрігер, С-3 санаты (№ 05-1)
Критерийлері |
Талаптары |
Білімі |
Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медициналық-профилактикалық іс). |
Құзыреттік талаптары |
Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Кәсіби біліктілігі |
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. |
Практикалық тәжірибесі |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. |
Қызметтік міндеттері |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерінің, Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалын қамтамасыз ету, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыру. Іс басқармасының объектілерінде, ресми тұлғалардың қатысуымен өтетін іс-шаралар және олардың тұратын, тамақтанатын орындарында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге қатысты Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметін үйлестіру. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және орындау бөлігінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін жоспарлы санитариялық-эпидемиологиялық тексерулер және жоспардан тыс тексеру (эпидемиологиялық көрсеткіштер, ресми тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізуге объектілерді дайындауға және зертханалық зерттеулердің қанағаттанарлықсыз нәтижелері бойынша), сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтарды ескерту, жолын кесу мен жою. Зиянды, қауіпті еңбек шарттарында жұмыс істейтін, сонымен қатар қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен оған теңестірілген орындарда жұмыс істейтін тұлғаларды міндетті, кезеңдік медициналық тексеруден өткізу тәртібін сақтауды қадағалауды жүзеге асыру. Басқарманың санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметтерін Медициналық орталықтың басқа басқармаларымен, мемлекеттік жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен, мемлекеттік органдармен және министрліктермен өзара байланыстыру. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілеріндегі санитариялық-эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын мониторингілеу және бақылау. |
Санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, тұжырымдама, мақсатты кешенді бағдарламалар, ведомстволық қарасты ұйымдарды перспективті дамыту жоспарларын әзірлеуге, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде және тіркелген құрамға санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысу. Күзетілетін тұлғалардың қатысуымен ресми іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау. |
Бас сарапшы, С-4 санаты (№ 05-2)
Критерийлері |
Талаптары |
Білімі |
Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медициналық-профилактикалық іс). |
Құзыреттік талаптары |
Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Кәсіби біліктілігі |
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. |
Практикалық тәжірибесі |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. |
Қызметтік міндеттері |
Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес ресми (күзетілетін) тұлғалардың және шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ресми іс-шараларды өткізу кезінде және олардың Қазақстан Республикасы мен ел өңірлеріне сапары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларға дайындалуды ұйымдастырады және орындалуын бағалайды. Санитариялық-эпидемияға қарсы режімнің, зиянды, қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жұмыс істейтін және оған теңестірілген адамдардың міндетті, кезеңдік медициналық тексеруден өту тәртібінің сақталуына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді; тағамдық улану профилактикасы бойынша (қажет болғанда мемсанэпидқадағалау аумақтық органдарымен) іс-шара әзірлейді және өткізеді. Аса маңызды литерлік рейстердің бортындағы тамақтарды тексеруге қатысады. Іс Басқармасы объектілерінде санитариялық-гигиеналық жағдайлар және Басқарма жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы аналитикалық шолу дайындайды. |
Санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзге құрылымдық бөлімшелерімен Басқарма қызметінің өзара қарым-қатынасын, мемлекеттік, жергілікті атқару органдарымен әдістемелік және консультациялық жұмысты жүзеге асыруға; санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Іс басқармасының объектілеріне және тіркелген құрамға санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысады. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша аналитикалық материалдар дайындау және күзетілетін тұлғалардың қатысуымен ресми іс-шаралар өткізу кезінде, Іс Басқармасының объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды жетілдіруге ұсыныстар енгізеді. |
Бас сарапшы, С–4 санаты (№ 05-3)
Критерийлері |
Талаптары |
Білімі |
Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медициналық-профилактикалық іс). |
Құзыреттік талаптары |
Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Кәсіби біліктілігі |
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. |
Практикалық тәжірибесі |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Жұмыс бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы. |
Қызметтік міндеттері |
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аурухана ішіндегі инфекцияларды, инфекциялық-паразитарлық ауруларды алдын алу іс-шараларының әзірлемесімен және санэпидтексеру актілерін дайындаумен бірге Медициналық орталықтың емдік-профилактикалық мекемелеріне, «Астана-Өнім» АҚ кәсіпорнына және балабақшаға санитариялық-эпидемияға қарсы режімнің сақталуы бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізу. Зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және декреттелген құрам санындағы тұлғаларды міндетті, кезеңдік медициналық тексеруден өткізу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық орталықтың емдік-профилактикалық мекемелерінде, «Астана-Өнім» АҚ кәсіпорнында және балабақшада әдістемелік пен консультациялық жұмыстарды іске асыруға қатысу. Мемлекеттік, жергілікті атқару органдарымен, Медициналық орталықтың құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен санитариялық-эпидемиологиялық саулықты, аурухана ішінде инфекциялардың туындауын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларға, зертханалық зерттеулер нәтижелеріне мониторинг жүргізеді. Іс Басқармасының объектілерінде және тіркелген құрамның санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысады. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша аналитикалық материалдарды әзірлеу және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу. |
Бас сарапшы, С-4 санаты (№ 05-4)
Критерийлері |
Талаптары |
Білімі |
Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медициналық-профилактикалық іс). |
Құзыреттік талаптары |
Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Кәсіби біліктілігі |
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. |
Практикалық тәжірибесі |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. |
Қызметтік міндеттері |
Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілерін жасап, коммуналдық объектілерде қоғамдық тамақтандыру орындарында ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды және Іс Басқармасының құрылыс, реконструкция объектілерінде алдын ала санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды әзірлейді. Ұйғарымдардың (нұсқамалардың) орындалуын бақылайды. Коммуналдық объектілерде, қоғамдық тамақтандыру орындарында жұмыс істейтін зиянды, қауіпті жұмыстағы адамдарды міндетті кезеңдік медициналық тексеруден өткізу тәртібін қадағалайды. Қазақстан республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерінің құрылыс, реконструкциялау жобалары бойынша гигиеналық қорытындыларды; санитариялық-эпидемияға қарсы және гигиена мәселелері бойынша ұйғарымдар мен қаулыларды дайындайды. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша аналитикалық материалдарды дайындайды және жұмыстың жетекшілік ететін бөлігі объектілерінде, санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. |