Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЭПИЛЕПСИЯНЫ ЕМДЕУ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЭПИЛЕПСИЯНЫ ЕМДЕУ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЭПИЛЕПСИЯНЫ ЕМДЕУ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЭПИЛЕПСИЯНЫ ЕМДЕУ

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасында фармакорезистенттік эпилепсия кезеңінде кезбе нервін ынталандыру жүйесі орнатылды. Пациентке мойын аймағында кезбе нервіне кіп-кішкентай электрод орнатылады, стимулятордың көмегімен нервке әсер ететін және ұстамалар санын азайтатын зарядтар пайда болады.

- Біз операция жасаған пациент 20 жыл бойы фармакорезистентті эпилепсиямен ауырды, соңғы уақытта онда айына онға дейін ұстама болып тұрды. Ол әртүрлі препараттарды, оның ішінде оларды үйлестіріп те қолданып көрді, бірақ динамикада дәрілік терапияның тиімділігі төмендеді және мүлдем көмектесуді тоқтатты, бұл кезбе нервінің стимуляторын орнатудың көрсеткіші болды, - деп атап өтті нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев.

Дәрігер операция бөлмесінде бригаданы басқарды, оның құрамында 10 маман болды. Олардың үйлесімді жұмысының арқасында операция сәтті өтті.

Кезбе нервінің электрлік стимуляциясы, VNS терапиясы (ағылш. Vagus nerve stimulation) - дәрі-дәрмекпен емдеу күтілетін нәтиже бермеген жағдайда эпилепсияны емдеудің қосымша әдісі екенін айта кету керек. VNS терапиясы көптеген елдерде көмекші терапия ретінде көрсетілген және мақұлданған, яғни әдіс басқалармен, оның ішінде дәрі-дәрмектермен бірге үйлестіріп қолданылады.