Басты бетПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕМ...

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ПАТЕНТТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ПАТЕНТТЕДІ

Бүгінде сүт безі обыры - медицинаның өзекті мәселелерінің бірі. Отандық ғалымдар онкологиялық аурулардың ішінде көш бастап тұрған аталмыш дертті ерте диагностикалаудың, емдеудің жаңа әдістерін ойлап табуда үздіксіз еңбек етіп келеді. ПІБ МО Ауруханасының білікті маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Насрұлла Шаназаров бастаған ғылыми топ қатерлі ісік кезіндегі тері метастаздарының флуоресцентті диагностикасы және фотодинамикалық терапиясы тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, патентке ие болды. 

Зерттеу жұмысы фотодинамикалық терапия әдісімен сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан тері метастазасы бар науқастарды емдеуде арналған. Әлемдік тәжірибеге негізделген ғылыми еңбекте жарықтың әсерінен дәрілік заттар мен патологиялық тіндердің өзара әрекеттесу сипаты туралы деректер талданып, фотодинамикалық терапияның жаңа тәсілі ұсынылған. 

328616740_716182783352928_5885394700470700587_n.jpg