Басты бет2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛ...

2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ

2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының 2022 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Жиын барысында ПІБ Медициналық орталығы жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланды.

Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова, ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, орталық қызметкерлері, ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой 2022 жылғы жұмысты қорытындылап, жетекшілік ететін бағыттардың басымдықтары және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.
ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова алқа отырысында «ПІБ Медициналық орталығы жүйесіндегі барлық көрсетілетін қызметтер халыққа толық қолжетімді болуы қажеттігін, азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет жасау керектігін» атап өтті.

Айта кетейік, 2022 жылы ПІБ Медициналық орталығында 200 төсек орындық жаңа корпус қолданысқа беріліп, өз радиофармпрепараттарын әзірлейтін Ядролық медициналық орталық ашылды.
ПІБ Медициналық орталығының ауруханаларында жоғары технологиялық операциялар саны артты.
Елімізде алғаш рет ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында 4 технология енгізілді. Ми глиомалары кезіндегі мутацияның молекулалық-генетикалық диагностикасын жасауға мүмкіндік туды.

Отырыс барысында ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары, Орталық клиникалық аурухананың Президенті Асхат Бралов, ПІБ Медициналық орталығы аурухананың директоры Рустам Албаев, «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру орталығының Президенті Яков Стерлигов, «Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығының директоры Гүлжанат Бугубаева, РФ Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» емдеу-сауықтыру орталығының директоры Елтай Асқаров, «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбіткүл Қазақпаева, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сәуле Шәріпова және Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының Президенті Қази Тілеубеков өз баяндамаларын жасады.