Басты бет«GENERAL ELECTRIC HEALTHCARE» КОМПАНИЯСЫ МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

«GENERAL ELECTRIC HEALTHCARE» КОМПАНИЯСЫ МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

«GENERAL ELECTRIC HEALTHCARE» КОМПАНИЯСЫ МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ «GENERAL ELECTRIC HEALTHCARE» КОМПАНИЯСЫ МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бүгін Ресей мен ТМД елдеріндегі «General Electric Healthcare» компаниясының өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келді. Шара ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цойдың, ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының директоры Рустам Албаевтың, сондай-ақ медорталық өкілдерінің, аурухана дәрігерлері мен қызметкерлерінің қатысуымен өтті. «General Electric Healthcare» компаниясының делегациясын бас директордың орынбасары, Орталық Азия аумағындағы бизнесті дамыту бойынша директор Дмитрий Занчев бастап келді.

Компания басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі жақсартуды көздейтінін айтып, оның ішінде «General Electric Healthcare» тарапы жоғары технологиялық медициналық жабдықтар базасын жеткізу, ядролық медицина орталықтарын жабдықтау, ауруханадағы жоғары технологиялық медициналық жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, білім беру бағдарламалары мен тренингтер өткізу, сондай-ақ цифрлық денсаулық сақтау саласындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуды қолға алатындығын мәлімдеді.

Өз кезегінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой кездесудің маңыздылығына тоқталып, қос тарап үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенім білдірді.

Кездесудің ресми бөлімінен кейін «General Electric Healthcare» компаниясының өкілдеріне ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Диагностикалық блогы, Неврология бөлімшесі, Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы туралы, сондай-ақ Терапиялық көмектің көлемі мен түрлері бойынша ақпарат берілді, Циклотронды-өндірістік кешеннің және Check-up бөлімшесінің жұмыстары таныстырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өзара келісімге келіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.