Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының 2023-2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық технологияларды енгізу, сондай-ақ қала тұрғындарына практикалық көмек көрсету үшін Шымкент қаласының медициналық объектілерінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында еліміздің өңірлерінде «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» форматындағы іс-шаралар жоспарланған.
Медициналық орталықтың осы бастамасының аясында 2023 жылдың 21-24 ақпанында делегацияның Шымкент қаласына сапары жоспарланған.
Делегацияның құрамына аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік сыныптарын өткізетін, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары кіреді (нейрохирург, генетик, кардиохирург, аритмолог, онкохирург дәрігерлері және тағы да басқа мамандар).
ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Шымкент қаласының әкімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда. Осының бәрі технологялар трансфертін іске асыруға, өңірдегі дәрігерлерді оқытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға және халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осы форматтағы іс-шаралар 2023 жылы Қазақстанның басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: +7 7172 74 97 00, +7 702 4205150