Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕН PHILIPS КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕН PHILIPS КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕН PHILIPS КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕН PHILIPS КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында Philips компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Жұмыс кездесуіне ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасының директоры Рустам Албаев, сондай-ақ Медициналық орталықтың өкілдері, аурухана дәрігерлері мен қызметкерлері қатысты. Өз кезегінде шетелдік компания тарапынан Royal Philips Халықаралық нарықтар бөлімінің басшысы, вице-президент Эдвин Паалваст, Philips, RCA бас директоры Роман Сабиров және Орталық Азия, Кавказ, Беларусь және Моңғолия аймағының директоры Артем Падейский қатысты.

Кездесу барысында тараптар арасындағы серіктестік мәселелері, сонымен қатар Philips компаниясының ҚР ПІБ Медициналық орталығымен стратегиялық серіктестік аясындағы жобаларды іске асыруға қатысуы туралы айтылды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой екіжақты кездесудің маңыздылығына тоқталып, келешекте серіктестіктің табысты болатынына сенім білдірді.