Басты бетҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ПРЕЗЕНТ...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ЖАСАДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ЖАСАДЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ЖАСАДЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ЖАСАДЫ

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері аясында Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының басшылары мекемелердің атқаратын қызметі, стратегиялық бағыттары жайлы презентациялар жасады. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев пен Орталық клиникалық аурухананың президенті Асхат Бралов еліміздің үздік ауруханалырының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы бір ғасырға жуық – 90 жылдан астам уақыт ішінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің үздік мекемесіне айналды. Бүгінде Медициналық орталықта Joint Commission International, ISO, GPP, IIac-mra стандарттары бар 6 мыңға жуық жоғары білікті маман жұмыс істейді. Бұл ұйымның халықаралық деңгейдегі дәріжесін айғақтайды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының құрамында - Астана қаласындағы бірегей Ядролық медицина орталығы бар ҚР ПІБ Медининалық орталығының ауруханасы және Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана, «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешені, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық тәжірибесі бар «Қарлығаш» балабақшасы бар.