ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Santo фармацевтикалық зауытына барды. Медициналық орталықтың басшысы зауыт қызметімен, оның ішінде ампулалар мен инфузиялар өндіру цехына, цифрлық білім беру орталығының қызметімен танысты. Зауыт өкілдері елордалық қонақтарға кәсіпорынның тарихы, инвестициялық жобаның іске асырылу барысы және келешектегі жоспарлары туралы баяндады.
Santo – Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарығында жұмыс істейтін Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі. Компания Қазақстан мен Орта Азия нарығына жоғары сапалы қолжетімді дәрілік заттарды әзірлейді, өндіреді және жеткізеді. Бүгінгі таңда Santo қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орынға ие. Компания терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған, атап айтқанда 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам жалпы препараттарды шығарады.