Шымкент қаласында Santo фармацевтикалық компаниясы мен ҚР ПІБ Медорталығы арасында медициналық және фармацевтикалық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандум жасалды. Қол қойылған құжат шеңберінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен Santo компаниясы Бас директорының міндетін атқарушы Әділхан Темірбеков Қазақстан Республикасындағы медицина мен денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді бірге шешуде бар күшін біріктіруге ниетті.
Тараптар өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады. Оның ішінде бірлесіп ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыру, клиникалық зерттеулер жүргізу саласындағы әріптестікті дамыту.
Құжат тараптардың ұзақ мерзімді өзара ұтымды серіктестігін нығайтуға, ғылыми-зерттеу зертханаларында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Santo компаниясының қызметкерлерінің жұмысын қолдауға, практикалық тәжірибе алмасуға және клиникалық тиімділікті ескере отырып, дәлелді медицина қағидаттары негізінде денсаулық сақтау технологияларын бағалау және іріктеу шеңберінде өзара іс-қимылға бағытталған. Сондай-ақ тараптар жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен шешімдерді, өзара іс-қимылдың түрлі нысандарын пайдалануға, тұрақты түрде ақпарат алмасуды ретке келтіруге және халықаралық тәжірибені пайдалануға уағдаласты.
Santo компаниясы Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы көшбасшылар үштігіне кіреді және бөлшек сегментінде бірінші орынға ие.