Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНДЕРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНДЕРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНДЕРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНДЕРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНДЕРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНДЕРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндерін» өткізу аясында Шымкент қаласында Медициналық орталықтың жоспарланған сапары аяқталды. Делегация құрамына Астанадағы бірегей Ядролық Медицина орталығы бар ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы, Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық практикалары бар «Қарлығаш» балабақшалар желісі кіреді.

21-24 ақпан аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті дәрігерлері Шымкент тұрғындарына барлығы 17 операция жасады. Оларды онкохирургтер Естай Абзалбек пен Ержан Кеңесбаев, нейрохирург Мыңжылқы Бердіхожаев, аритмолог Аян Әбдірахманов және кардиолог Әлібек Тойбаев жүргізді. Сондай-ақ, арнайы шымкенттік дәрігерлер үшін көптеген түрлі презентациялар мен шеберлік сабақтары өткізілді. Мысалы, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» Шымкенттегі №1 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Орталықтың қызметі мен мүмкіндіктерімен танысуға жағдай жасалды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласындағы 4 балабақшаның жұмысымен танысты. Онда мектепке дейінгі ұйымдарының 30-ға жуық педагогтерінің басын қосқан дөңгелек үстел жұмысына қатысты. «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» эпидемиологиялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтарын, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен емдеу бөлімі бойынша орынбасарлары үшін ұйымдастырылған стационарда инфекцияны алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламасын енгізуді қолдау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Тренинг соңында 220-ға жуық медицина қызметкері осы жоба шеңберінде өз біліктілігін арттырды. ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының соңғы күні ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдары – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы мен Орталық клиникалық аурухананың басшылары Рустам Албаев және Асхат Бралов, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің басшысы Яков Стерлигов Шымкенттегі ҚР ПІБ Медициналық орталығының медициналық ұйымдарының қызметі туралы презентациялар жасады.

Кәсіпорындардың таныстырылымы барысында бір ғасырға жуық уақыт ішінде – 90 жылдан астам уақыт ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің флагманына айналғандығы атап өтілді. 6 мыңға жуық жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін ұйымдарда Joint Commission International, ISO, GPP, IIac-mra стандарттары бар, бұл халықаралық құзыреттіліктің дәлелі болып табылады.

4 күндік сапар ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласының әкімдігімен, Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясымен және Santo компаниясымен Меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.

Осының бәрі отандық медицинаның сапасын арттыруға және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы халық үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибе алмасу, аймақтарға медициналық технологияларды трансферлеу және дәрігерлердің біліктілігін арттыру – еліміздің түрлі өңірлерінде «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндерін» өткізудің негізгі миссиясы. Осы форматтағы іс-шараларды 2023 жылы Қазақстанның басқа да өңірлерінде өткізу жоспарлануда.