Басты бетҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНДА JETSTREAM ЖҮЙЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК С...

ҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНДА JETSTREAM ЖҮЙЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ

ҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНДА JETSTREAM ЖҮЙЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ ҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНДА JETSTREAM ЖҮЙЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ

«Jetstream» жүйесі – көбіне аяқ артерияларының созылмалы және жіті ауруына шалдыққан пациенттерді емдеуде қолданылады. Операция жоғары жылдамдықпен айналатын кескіш жүздері бар арнайы катетермен артерияның кеңейтілген кальциленген немесе тромбоздалған сегментінен өту арқылы жасалады. Қазіргі таңда Jetstream – белсенді аспирациясы бар жалғыз атерэктомия жүйесі.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Красноярск қаласынан арнайы келген доктор Никита Литвинюкпен бірге белсенді аспирациямен эндоваскулярлық ротациялық атерэктомия әдісін қолдана отырып, 2 операция жасады. Бұл технологияның ерекшелігі – қантамырдың саңылауына еңгізілген аса жіңішке құрал атеросклеротикалық тіндерді, яғни детритті кесіп, алып тастайды. Жүзі өте жіңішке миниатюралық «бур» қантамырдың ішінде айналып, қантамыр саңылауын жауып тұрған атеросклеротикалық тінді аса дәлдікпен кесіп алып, оны арнайы резервуарға шығарады. Осылайша, атеросклеротикалық түйіншектің қантамырды қайта бітеу ықтималдылығы анағұрлым аз болады. Аталмыш технология Қазақстанда Jetstream (АҚШ) аппаратында алғаш орындалғанын да айта кеткен жөн.