Басты бетҚР ПІБ МО ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖАРЫҚ (ГРЫЖА) ДИСКІН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖОЮДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСІ

ҚР ПІБ МО ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖАРЫҚ (ГРЫЖА) ДИСКІН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖОЮДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСІ

ҚР ПІБ МО ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖАРЫҚ (ГРЫЖА) ДИСКІН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖОЮДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСІ ҚР ПІБ МО ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖАРЫҚ (ГРЫЖА) ДИСКІН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖОЮДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСІ ҚР ПІБ МО ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖАРЫҚ (ГРЫЖА) ДИСКІН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖОЮДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСІ

ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасында жарық дискіні эндоскопиялық алып тастау 2018 жылдан бері тәжірибеде қолданылып келеді. Бұл жүйке түбіршігін диск бөлігінің қысуынан босататын омыртқааралық жарық (грыжа) дискісін алып тастау бойынша ең аз инвазивті хирургиялық араласудың заманауи әдісі болып табылады. Бұл операцияның басты артықшылығы қимыл-тірек сегментіне белсенді қатысатын бел бұлшықеттерінің тұтастығының тез қалыпқа келуі және сақталуы болып табылады.

Операция 4К қабілеттілігіне қолжетімді, диагоналі 55 дюйм, аса дәлдікті қамтамасыз ететін монитордан, диаметрі 2-5 мм микроқұрал-саймандардан, тазалап жуу жүйесінен, коагулятор мен дискоскоптан тұратын жоғары сыныпты RICHARD WOLF эндоскопиялық жабдығының көмегімен жасалады. Жасалатын органға қолжетімділік дәл болу үшін интраоперациялық жылжымалы рентген (ЭОП) қолданылады.

Операция ұзақтығы 30-60 мин болады және жалпы наркозбен жасалады. Жарыққа қолжетімділік терідегі тез жасалатын кішкентай тесік (7-8 мм) арқылы өтеді. Науқастардан ұзақ уақыт бойы қатаң түрде төсекте жату және жұмысқа жарамсыз болу талап етілмейді. Эндоскопиялық операциядан 2 сағаттан кейін науқас палатада өз бетінше қимылдай алады. Емдеуге жатқызу бар болғаны 1 тәуліктен 3 тәулікке дейінгі уақытты құрайды. Жүйке түбіршігінің ауыруы операциядан кейін бірден тоқтайды. 2022 жылы Орталық клиникалық ауруханасында жарықты алып тастау бойынша 60 операция жасалды.