Басты бет«SEEGENE MEDICAL FOUNDATION» МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУРУХАНА...

«SEEGENE MEDICAL FOUNDATION» МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУРУХАНА САЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БИОМОЛЕКУЛАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ КЕҢЕЙТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

«SEEGENE MEDICAL FOUNDATION» МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУРУХАНА САЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БИОМОЛЕКУЛАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ КЕҢЕЙТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЗДЕСУ «SEEGENE MEDICAL FOUNDATION» МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУРУХАНА САЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БИОМОЛЕКУЛАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ КЕҢЕЙТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЗДЕСУ «SEEGENE MEDICAL FOUNDATION» МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУРУХАНА САЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БИОМОЛЕКУЛАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ КЕҢЕЙТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЗДЕСУ «SEEGENE MEDICAL FOUNDATION» МЕН ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУРУХАНА САЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БИОМОЛЕКУЛАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ КЕҢЕЙТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

2023 жылғы 15 наурызда ҚР ПІБ Медициналық орталығының, «Seegene Medical Foundation» және Kazakh Invest компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Жұмахан Шалкенов, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры Сауле Шарипова болды. «Seegene Medical Foundation» мен Kazakh Invest компанияларының тарапынан Ғаламдық бизнесті дамыту жөніндегі басшы доктор Мин Чхоль Ли, Ғаламдық бизнесті дамыту жөніндегі басшының орынбасары Ду Хен Ким, бас дәрігер доктор Хисук Мин, зертхананың бас қызметкері Сей Ик Чжу және Кazakh invest жобаларының басшысы Алмат Жұмабаев қатысты.

«Seegene Medical Foundation» - диагностикалық тексеру, молекулалық диагностика, иммунитетті тексеру, патологияны диагностикалау және зерттеу тесттер өткізетін қор. 1990 жылы Сеул қаласында құрылған. Қор ең соңғы автоматты жабдықтармен және физикалық-химиялық талдауға арналған жоғары технологиялық құрал-саймандарымен жабдықталған. Қор диагностикалық медициналық тесттер, молекулалық диагностикалық тесттер, патологиялық тесттерді қоса алғанда, ауруларды тестілеу бойынша 4000-нан астам қызмет түрлеріне, ұлттық ұйымдардың, университеттердің, корпоративтік зерттеу институттарының жобаларына қолдау көрсетеді.

Кездесу барысында компания өкілдері 200 төсек-орынға арналған аурухананы салу және Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған биомолекулалық зертхананы кеңейту жобасын талқылады. Kazakh invest бұл жобаны шетелдік инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша отандық экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырады.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой бұл жобаның еліміздің молекулалық медицинасын дамытуға маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, екіжақ зертханалық қызметті дамыту мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жұмысты талқылады.