Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БУЫНДАРДЫ ДІҢ ЖАСУШАЛАРЫМЕН ЕМДЕУ...

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БУЫНДАРДЫ ДІҢ ЖАСУШАЛАРЫМЕН ЕМДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БУЫНДАРДЫ ДІҢ ЖАСУШАЛАРЫМЕН ЕМДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БУЫНДАРДЫ ДІҢ ЖАСУШАЛАРЫМЕН ЕМДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Өткен жылдың күзінен бастап ҚР ПІБ МО СОВМИН ауруханасында буындарды дің жасушаларымен емдеу сәтті жүргізуде. Адам денесінің май тінінен алынып, арнайы зертханада өсіріледі. Кейін қайта науқасқа еңгізеді. Дің жазушалары зақымдалған немесе жойылған құрылымдарды қалпына келтіріп, деструктивті қабынуды жеңілдетуге, қанның микроциркуляциясын қалпына келтіруге, буындағы аурулардың азаюына көмектеседі.

- «Бұл терапия қауіпсіз, оны әлемнің жетекші клиникалары бұрыннан қолданып келеді. Мен Санкт-Петербургте оқыдым және өткен жылдың қазан айынан бастап Орталық клиникалық ауруханасында 15 отаны сәтті өткіздім. Бағаналы жасуша қауіпсіз, тиімді және ауыртпайтын терапия. Емдеу анестезиясыз бір күнде, небәрі 60 минутта өтеді. Кейін науқас ауруханада ұстамай, үйіне жібереміз. Бұл процедура тізе мен жамбас буындарын эндопротездеудің заманауи баламасы» - деді травматолог дәрігер Асхат Кабдешов.

SVF-терапиясы мына ауруларға қолданцға болады:

- остеонекроз (ерте сатысында) ARCO 3 сатысына дейін

- артроз (остеоартрит) кезінде Kellgren-Lawrence бойынша 4 сатысына дейін

- менискус зақымданған кезде

- хондромаляция кезінде Outerbridge-тің 4 дәрежесіне дейін

- байламдар 3 дәрежеге дейін зақымдалған кезде.

Бірақ қарсы көрсеткіштері де бар:

- инфекция аурулары болғанда

- онкологиялық аурудың болуы

- анорексияда (май тін көзінің болмауы)

- жүктілік кезінде (дістеменің қауіпсіздігі туралы ғылыми деректер жоқ).