Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТЫЛЫҒЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ...

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТЫЛЫҒЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТЫЛЫҒЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТЫЛЫҒЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТЫЛЫҒЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкеновпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасын, ғылыми тағылымдамаларды, сондай-ақ үкіметаралық гранттарды басқарады. ҚР ПІБ Медициналық орталығының көптеген дәрігерлері мен қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылады және маман ретінде табысты қалыптасқаны туралы атап өткен жөн.

Кездесу барысында орталық өкілдері халықаралық стипендия бағдарламалары туралы айтып берді. Шет елдерде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары мен стипендиаттарды іріктеу жұмыстары туралы айтылды.

Өз кезегінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой орталықтың жұмысына табыс тілеп, келісілген құжат отандық медицинаның дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, ол болашақта құжатпен бекітілген серіктестік байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, іс-шара аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен перспективаларды талқылау мен тәжірибе алмасу туралы кездесуі өтті. Бағдарлама түлектері аурухана қабырғасындағы өз қызметтері туралы бөлісіп, шетелде алған білімдерін тәжірибеде қолдану әдістемелерімен бөлісті.

Қол қойылған меморандум адами ресурстар мен білім беру қызметін дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық шеңберінде ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінде бағдарлама стипендиаттарының ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру жоспарлануда.