«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндерін» өткізу аясында Ақмола облысында Медициналық орталығының жоспарланған іссапары өз мәресіне жетті. 28-30 наурыз аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті дәрігерлері Ақмола облысының тұрғындарына 12 операция мен 150 консультация өткізді. Сондай-ақ, арнайы Ақмола облысының дәрігерлері үшін 14 презентация мен 6 шеберлік классы өткізілді. Өткен шеберлік класстар мен презентацияларға 700-ден астам тыңдаушы қатысты.
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы Көкшетау қ. «Көпбейінді облыстық аурухана» дәрігерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Орталық өз қызметі мен мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Ақмола облысының 3 балабақшаның жұмысымен танысты. Онда мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтерінің басын қосқан дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету, халықаралық жүйелерді практикада қолдану бойынша тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы зертханалық зерттеулердің өзекті мәселелері туралы бизнес өкілдері үшін шеберлік кластарын өткізді. Сондай-ақ стационарда инфекцияны алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламасын енгізуді қолдау үшін шеберлік класстарын өткізді. Тренинг қорытындысы бойынша өңірдің медицина қызметкері біліктілігін арттырды.
Сондай-ақ, осы іс-шара аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомствалық қарасты ұйымдарының басшылары – ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы мен Орталық клиникалық аурухананың басшылары Рустам Албаев және Асхат Бралов, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің басшысы Яков Стерлигов облыстағы әріптестеріне ҚР ПІБ Медициналық орталығының медициналық ұйымдарының презентацияларын жасап, қызметтері туралы баяндады.
Кәсіпорындардың таныстырылымы барысында 90 жылдан астам уақыт ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің көшбасшысына айналғандығы атап өтілді. 6 мыңға жуық жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін ұйымдарда Joint Commission International, ISO, GPP, IIac-mra стандарттары бар, бұл халықаралық құзыреттіліктің дәлелі болып табылады.
Іссапар аясында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ақмола облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Тәжірибе алмасу, аймақтарға медициналық технологияларды трансферттеу және дәрігерлердің біліктілігін арттыру – еліміздің түрлі өңірлерінде «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндерін» өткізудің негізгі мақсаты.
Бұған дейін ҚР ПІБ Медициналық орталығының мамандары Ақтөбе облысында және Шымкент қаласында болған. Сондай-ақ, 2023 жылы Қазақстанның басқа өңірлеріне шығу жоспарлануда.