2023 жылғы 30-31 наурыз аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығында кардиология саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Конференция кардиохирургияға ерекше назар аударып, агрессивті кардиологиядағы заманауи тенденцияларға арналған және озық технологияларды пайдалана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудегі соңғы жетістіктерді талқылауды қамтиды.
Кездесуді ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы «Кардиологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің және Еуразиялық аритмологиялық қауымдастықтың (EURA) қолдауымен өтіп жатыр.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова конференцияда сөз сөйлеп, өз сөзінде бұл оқиға инновациялық тәжірибелермен алмасуға және ғылым мен технологиялар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік туғызатынын атап өтті. Конференция «постковид дәуіріндегі» жүрек-қан тамырлары проблемаларына арналады және осы саладағы әлеуетті көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол конференция азаматтардың денсаулығын жақсарту үшін ғылыми-практикалық байланыстарды нығайтады деген үмітін білдіріп, барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
Конференцияда белгілі әлемдік сарапшылар өзекті тақырыптарда сөз сөйлеп, қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік жетекші баяндамашылармен телекөпірлер ұйымдастырылды.