Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІНШІ РАДИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫ...

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІНШІ РАДИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТ - 18F-NAF ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІНШІ РАДИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТ - 18F-NAF ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІНШІ РАДИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТ - 18F-NAF ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІНШІ РАДИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТ - 18F-NAF ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНДА ЕКІНШІ РАДИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТ - 18F-NAF ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ

2023 жылғы 31 наурызда Ядролық медицина орталығында екінші радиофармацевтикалық дәрілік препарат - 18F-NaF өндірісі іске қосылды. Сондай-ақ, осы препаратты пайдаланып, алғашқы пациенттерге ПЭТ/КТ зерттеулері жүргізілді.

ПЭТ/КТ зерттеулерінде радиофармацевтикалық препаратты қолданудың негізгі мақсаты сүйек тініндегі қатерлі ісіктерді диагностикалау, оның ішінде бастапқы түзілімдерді, сүйек метастаздарын, сондай-ақ олардың орналасу орнын анықтау болып табылады.

18F-NaF қолдануымен ПЭТ/КТ зерттеуі тек дәрігердің, көп жағдайда онколог дәрігерінің тағайындауы бойынша ғана жүргізіледі. Дәрігерлер диагностикалық алгоритмді пациенттердің шағымдары мен клиникалық-зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып таңдайды.

«Сүйек метастаздарын, оның ішінде барлық сүйек пен буындардың қатерлі ісікпен зақымдалуын диагностикалау біздің диагностикалық орталыққа қол жетімді болды. Қазақстанның онкологтарына біздің орталықтың осындай аурулары бар науқастарды қабылдауға дайын екенін сенімді түрде хабарлай аламыз. Қолымыздан келді!» - деп, Ядролық медицина орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасова әріптестерін құттықтады.

Ядролық медицина орталығы 2022 жылдың қазан айында ашылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша орталықта 6 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. 2022 жылдың желтоқсанында алғашқы радиофармацевтикалық препарат шығарылды. Үшінші радиофармацевтикалық дәрілік препаратты шығару осы жылдың маусым айында жоспарланып отыр.