Құрметті сайтқа келушілер, әріптестер және достар!
Қош келдіңіздер!
Орталық клиникалық аурухана – бұл тоқсан жылдық тарих, қалыптасқан дәстүр, заманауи техникалық жабдық, медициналық көмек көрсетудің жоғары сапасы, ілтипатты және білікті қызметкерлер, медициналық қызметтердің кең спектрі және әлемдік стандарттарға сәйкестік.
Бүгінде «Орталық клиникалық аурухана» АҚ – бірқатар операциялар алғаш рет жүргізілетін, ең алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар енгізілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызметтердің кең спектрі көрсетілетін еліміздегі ірі клиника.
Аурухананың жұмыс аясы медициналық көмектің барлық формаларын қамтиды: жедел медициналық көмек, амбулаторлық-емханалық, ауруханалық және аурухананы ауыстыратын орындар. Соңғы кезде ауруханада көрсетілетін медициналық көмекті жаңғырту жүргізілуде. Отандық және шетелдік денсаулық сақтаудың көптеген жаңалықтары бізде іске асырылады. Аурухананың адам қоры басты байлық болып саналады. Дәрігерлер құрамында 8 доктор және 33 медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген 2 дәрігер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 2 лауреаты бар. Аурухананың көп жылғы жұмысында корпоративтік мәдениет қалыптасты, бір жағынан басшылардың қызметкерлерге сыйластық қатынасы, екінші жағынан - қызметкерлердің пациенттерге сыйластық қатынасы.
Еліміздегі барша халықтың жоғары технологиялық медициналық көмек түрлеріне қол жеткізуіне күш салудамыз.
Қазіргі уақытта ауруханада кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедтік, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық операциялар жасалады, жоғары мамандандырылған 14 мамандық бойынша амбулаторлық-емханалық ауруханалық терапевтік көмек көрсетіледі.
Жоғары сапалық медициналық көмек жоғары мамандандырылған дәрігерлердің және медициналық қызметкерлердің сапалы жұмысымен және заманауи нақтамалау және емдеу аппараттарымен, жабдықтарымен, сондай-ақ жоғары қызметімен қамтамасыз етіледі.
Біздің САЙТ-қа кіріп, керегін таңдап алыңыз!
Біз Сіздердің аман-саушылықтарыңыз үшін бәрін істеуге дайынбыз!
Миссиясы:
Қызметкерлердің кәсібилігінің үйлесуі, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыра отырып, қазіргі заманғы инновациялық медициналық технологияларды қолдану негізінде жоғары сапалы медициналық қызметтер ұсыну арқылы тіркелген контингенттің және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын, өмірін, жұмыс қабілеттілігін, ұзақ өмір сүруін жақсарту.
Мақсаттары:
Аурухананың негізгі бағыты және мақсаты – бұл тіркелген контингентке жоғары сапалы алғашқы медициналық-санитариялық, жедел және шұғыл, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету және мемлекеттік және жеке меншік медициналық қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Міндеттері:
1. Пациенттерге медициналық көмек ұйымдастыру кезінде профилактиканы, диагностиканың қазіргі заманғы деңгейін және емдеуді ұстану.
2. Медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейін және медициналық қызмет көрсету этикетін тұрақты арттыру.
3. Пациенттерге амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуде барынша тиімді технологияларды пайдалану.
4. Пациенттердің жоғары технологиялы медициналық қызмет түрлеріне деген қажеттілігін үздіксіз зерделеу.
Даму перспективалары:
1. JCI, ISO 9001 енгізілген халықаралық стандарттарды сүйемелдеу арқылы ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту.
2. Эндоваскулярлық нейрохирургияны дамыту және ми және оның тамырларына жасалатын жоғары технологиялы операцияларды кеңейту.
3. Көрсетілетін ақылы медициналық қызметтерді халыққа көрсету бойынша маркетингтік және жарнамалық қызметті арттыру.
Азаматтарды қабылдау кестесі:
«ОКА» АҚ Президентті - Бралов Асхат Зинешұлы. Бейсенбі 15:00-17:00