Орталық клиникалық ауруханасы еліміздің ертеден келе жатқан медициналық ұйымдарының бірі болып табылады. Аурухананың даму тарихы Қазақстанның барлық денсаулық сақтау жүйесімен ажырағысыз байланысты. Қазіргі уақытта аурухана өз емделушілерін емдеуді ұйымдастыруда новаторлық тәсілмен ерекшеленеді. Отандық және шетелдік денсаулық сақтау жаңалықтарының көпшілігі тап осы жерде жүзеге асырылады, көптеген ауру түрлерін диагностикалау және емдеудің ең озық әдістері енгізіледі.
- 2005 жылы қызметкерлер тобын ҚР Мемлекеттік премиясымен марапатталуы;
- 2008 жылы аурухананың «Еуропа сапасы» (EuropeanQuality) халықаралық наградасын алуы;
- 2008 жылы көрсетілетін медициналық қызметтің жоғары сапасын Еуропа Бизнес – Академиясының (Оксфорд, Ұлыбритания) тануы;
- 2007 жылы «EQAS» (АҚШ) сапа бақылауы халықаралық бағдарламаның енгізілуі;
- 2007 жылы «LONET» (Швейцария) сапа сертификатын, сондай-ақ ИСО 9001: 2000 халықаралық стандарт талаптарының сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін растайтын «Орыс тіркелімі» «Қазақстандық сапа орталығы» сертфикаттарын алуы.