«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені 50 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді.
«Оқжетпес» ЕСК-нің басты артықшылығы – оның Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы. Маңайында ерекше көрікті табиғи жерлер, Бурабайдың айнасы – ертегі жартас Оқжетпес пен Жұмбақтас орналасқан. Қарағай орманының арасында небәрі үш минуттық жерде аңызға айналған Абылайхан алаңы орналасқан.
ЕСК емдеу ғимаратында физикалық терапевтикалық кабинеттер, сумен емдеу орны және себезгі залы, балшықпен емдеу орны, урология, стоматология, массаж және емшаралар кабинеттері, ішекті мониторлық тазалау кабинеті, ингалятор, фитобар, зертханалық-диагностикалық бөлімше, косметологиялық кабинет, дәріхана орналасқан. Емдеу ғимаратында өткізілген терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық база бар.
Мониторингтің ең маңызды әдістеріне ультрадыбыстық, функционалдық, электрокардиографиялық, зертханалық диагностика, ЭКГ және СМАД Холтерлік мониторлау әдістері жатады.
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ көп бағытты климаттық бальнеологиялық жыл бойы қызмет ететін шипажай болып табылады, базасында жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу ағзалары, тірек-қимыл аппараты, асқорыту, қан айналым, эндокринді және жүйке жүйесі, урологиялық және гинекологиялық аурулары бар емделушілерді емдеу және оңалту ойдағыдай жүргізіледі.
Қызметтің негізгі түрі орталық басқарудың мемлекеттік қызметкерлеріне және мемлекеттік қорғалатын адамдарына емдеу-оңалту медициналық көмек көрсету болып табылады.