Басты бетМекеме туралы

Мекеме туралы

"Оқ-Жетпес" ЕСК" АҚ президенті - Стерлигов Яков Васильевич

Сәлемдеме сөз
"Оқ-Жетпес" ЕСК" АҚ жыл бойы жұмыс істейтін көпсалалы климатобальнеологиялық санаторий болып табылады, оның негізінде жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу органдары, тірек-қимыл аппараты, ас қорыту, қан айналымы, эндокриндік және жүйке жүйесі, урологиялық және гинекологиялық аурулары бар пациенттерді емдеу және оңалту жүргізіледі.

Қызметтің негізгі түрі Орталық басқару органдарының мемлекеттік қызметшілеріне және мемлекеттің күзетілетін адамдарына, сондай-ақ өзге де азаматтарға емдеу-оңалту медициналық көмек көрсету болып табылады.


 

Миссиясы:
Бірегей табиғи емдік факторлар мен заманауи медициналық технологияларды тиімді пайдалануға негізделген санаторий-курорттық және оңалту қызметтерін ұсыну арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.
 

Мақсаттары:

1. Тиімді басқаруды қамтамасыз ету
2. Санаторлық-курорттық емдеу мен оңалтуды жаңғырту
3. Кадрлық әлеуетті жақсарту.
4. Қаржыны басқару жүйесін жетілдіру


Міндеттері:
«Оқжетпес» ЕСК-нің негізгі міндеттері біздің берекелі өлкемізге, тарихи табиғи жерімізге келгісі келетін Республиканың барлық азаматтары мен қонақтарын медициналық және емдеу-сауықтырумен қамтамасыз ету және қызмет көрсету.
 

Даму перспективалары:
1. Үздіксіз білім берудің корпоративтік жүйесін дамыту, корпоративтік оқыту жүйесін жетілдіру негізінде қызметкерлердің кәсібилігін арттыру.
2. Білікті кадрлық құраммен қамтамасыз ету.
3. Персоналдың санаттылық деңгейін арттыру.
4. Рентабельділікті арттыру
5. Жүктеуді ұлғайту, оның ішінде маусымаралық кезең
6. Икемді баға жүйесін қолдану
7. Қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды жақсарту